Қазақстанда қасқыр атуға рұқсат берілді
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан аумағында қасқыр мен шибөріні аулауға қатысты құжатты әзірлегенін хабарлады.
«15 қаңтар сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді. Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 31 желтоқсанға дейін бекітілген», делінген хабарламада.
Жыртқышты Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны жөнінде дәлелдер болған жағдайда ғана рұқсат беріледі.