«Ауырып ем іздегенше…»

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ, аудандық мәслихаттың хатшысы:

«Адамның өз денсаулығына сақтықпен қарауы – табиғи инстинкт. Ал, өзгелердің саулығына тілектес болуы – азаматтық парызы. Осыны ескергендіктен, мемлекет есебінен жүргізіліп жатқан науқан аясында өзім бастап, аудандық мәслихат аппараты ерікті түрде әрі толық құрамда вакцина алды. Бұдан тысқары, екпе салдырғандар қатарында аудандық мәслихат депутаттарының 50 прценті бар. Халық сенімін арқалаған мандат иелерінің қалған бөлігі де алдағы уақытта осы мүмкіндікті оңтайлы пайдалануды жоспарлап отыр.

Орайлы сәтте, барша аудан тұрғындарын індетке тосқауыл қоюдың тиімді жолы – екпе алуға ықыласты болуға шықырамын».