Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекция басшысы тағайындалды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы болып Илхам Бахтыбайұлы Аметов тағайындалды.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясын ветеринариялық санитария мен
медицина, құқықтану және мемлекеттік саясат мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы Түркістан облысындағы жекеменшік ұйымдарында бастаған.

2016-21 жылдары Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басқармаларында түрлі қызмет атқарды.

2021 жылы Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық иснпекциясы басшысының орынбасары болды.

2022 жылдан бастап Ауыл шаруашылығы
министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі қызметін атқарды.