«Ауыл – ел бесігі» – берері көп жоба
Биылғы жылы Ұлытау ауданына қарасты елдімекендерде де бірқатар жұмыстар атқарылды. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ұлытау ауданы, Қарсақбай кенті мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қаражат республикалық және аудандық бюджет есебінен бөлінген.
Жөндеу жұмыстарын «Еңбек» ЖШС атқарды. Мәдениет үйінің шатыры ауыстырылып, ғимараттың сырты қапталып, едені жаңартылып, кабинеттердің қабырғалары сырланды. Сондай-ақ, мекеменің жылу беру жүйесіне де жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәдениет ордасының қалыпқа келтіріліп, онда келіп іс-шараларды тамашалайтын халыққа қолайлы жағдай туындатқаны сөзсіз.