Аудан әкімі мен мәслихат төрағасының құттықтауы
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Өзінің көп жылдық тарихында бұл мереке табиғаттың жаңаруы, тазару, халқымыздың дәстүрлерін сақтаудың нышанына айналды. Наурыз – бірлік пен татулықтың, ырыс пен ынтымақтың, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі.
Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз. Тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурыз мейрамымен бірге келетін жылымызда осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктеріміз әрі жалғасын тауып, мақсат-мұраттарымыз орындалғанын қалаймыз. Бұл жылы да әрбір отбасының әл-ауқатының артуы біз үшін басты міндет болып қала береді.
Наурыз – жаңа күн ғана емес, бұл ең алдымен ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Қазақстан халқы үшін Наурыз – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейлі мереке. Көктемнің осы бір тамаша күнінде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға табыс тілейміз!
Наурыздағы көктем күнінің жылуы әр үйге береке мен қуаныш әкелсін.
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.