Аудан әкімі ауылдықтармен кездесті
Аудан əкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуі жалғасуда. Өткен аптада Аманжол МЫРЗАБЕКОВ Егінді жəне Алғабас ауылдарында болып, халықпен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдады, – дейді аудан əкімінің баспасөз қызметі.
Егінді ауылдық округінде өткен келелі кездесуге сала басшылары қатысты. Алдымен аудан əкімі Ұлытау ауданының биылғы жеткен жетістіктері мен жыл көлемінде облыс, ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы атқарар ауқымды жоспарымен бөлісті.
– Президент Мемлекеттік саясаттағы маңызды бағыттың бірі – аймақтарды жан-жақты дамыту. Əлеуметтік, инженерлік жəне көлік инфрақұрылымын құру – басты міндет деп нақты атап өткен болатын. Сондықтан, алдағы уақытта ауыл халқы үшін бірінші кезекте жол, электр энергиясы, интернет желісін жетілдіру жұмыстары үнемі назарда болады. Бюджеттен бөлінетін қаражат та ең алдымен халықтың əлауқатын арттыруға, тұрмысын жақсартуға бағытталады, – деді аудан əкімі өз сөзінде.
Аудан əкімінің баяндамасынан соң ауыл тұрғындары көкейде жүрген мəселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жолдады. Əкім көтерілген мəселелерге орай тұщымды жауап беріп, айтылғандардың бəрі назарда болатынын жеткізді.
Кездесу соңында аудан басшысы ауылдың бірнеше белсенді тұрғындарын ауданның 85 жылдық мерейтойының арнайы төсбелгісімен жəне аудан əкімінің Алғыс хатымен марапаттап, еңбектерін жоғары бағалады.
* * *
Осындай кездесу Алғабас ауылында да өтті. Оған аудан əкімі Аманжол Мырзабеков пен аудандық мəслихат төрағасы Ахат Құрмансейітов қатысты. Кездесудің басты мақсаты – тұрғындарды ауданның əлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар жəне алдағы жоспарлар туралы ақпараттандыру.
Кездесу барысында аудан басшысы биылғы жылы ауданда қол жеткізілген жетістіктерді атап өтіп, облыс пен аудан деңгейінде жүзеге асырылған маңызды жобаларға тоқталды. Сондай-ақ, алдағы уақытқа жоспарланған ауқымды шаралармен бөлісті.
Өз кезегінде ауыл əкімінің міндетін атқарушы Зауреш Жарасбаева тұрғындар алдында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы жоспарлармен таныстырды. Жиында ауыл тұрғындары облыстық маңызы бар Малшыбай–Сарыкеңгір жолын жəне ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу мəселесін көтерді. Аудан əкімі бұл мəселелерді назарға алды.
Жиын соңында ауданның 85 жылдық мерейтойы аясында аудан əкімі ауылдың дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар тұрғындарды арнайы төсбелгімен марапаттады.
Кездесуден соң алдын ала жазылған тұрғындар аудан əкімінің қабылдауында болып, өздерінің жеке сұрақтарын талқылады.
Досан ДУЛЫҒАЛЫ.