Аудан бюджеті нақтыланды

Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы өтіп, депутаттар корпусы өңірдің одан әрі дамуы үшін өзекті бірқатар мәселелерді қарастырды. Мандат иелерінің басты жиынын мәслихат төрағасы Ахат Құрмансейітов жүргізді. Сессия жұмысына аудан әкімі Аманжол Мырзабеков, аудан әкімінің орынбасары Алмат Сакипов, аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабиден Дүкембаев, аудандық мемлекеттік мекемелердің басшылары және жергілікті БАҚ өкілі қатысты. Аудан орталығынан сыртқары аумақтардағы мәслихат депутаттары, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері байланыста ZOOM платформасы арқылы болды.

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:

— «Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы ХLІ сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» №247 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин);

— «Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы ХLІІ сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы» №255 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин);

— «Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы» (хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин);

— «Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы ХLІ сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» №248 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин);

— «Ұлытау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 27 қаңтардағы ХLІІІ сессиясының «Ұлытау ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №259 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – аудандық мәслихат аппаратының басшысы Мақсат Ерназар);

— «Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы ХХ сессиясының «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» №139 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабиден Дүкембаев);

— «Ұлытау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі VIII сессиясының «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Ұлытау ауданы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның комиссиясын құру туралы» №85 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабиден Дүкембаев).
Күн тәртібіндегі сауалдарды талқылау барысында депутаттар тарапынан туындаған сұрақтарға атқарушы билік өкілдері тұщымды жауаптар берді. Сессияда қарастырылған барлық мәселелерге қатысты оң сипатты шешімдер қабылданды.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.