ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ ЖАСҚА КЕЛГЕН ҚАРИЯ РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНЕ КЕЛДІ
Ұлытау ауданына қарасты, Қарсақбай кентінің тұрғыны, ауданымыздағы ең жасы үлкен 94 жастағы тыл ардагері Күлдарига Нұртазаева референдум учаскесіне келіні Ақерке Есқалиевамен бірге келді.
Ғасырға жуық жасқа келген, 6 немере, 8 шөбересі бар қария дауыс беру арқылы елдің тағдырына бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Әрі, еліміздің әрдайым еңсесі биік, босағасы берік болуын тілеп, ақ батасын берді.