АСТАНАЛЫҚТАРҒА ҰЛЫТАУ ДӘМІ ҰСЫНЫЛДЫ
Елордада жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық жәрмеңкеге 26-27 қазан күндері Ұлытау облысының өнімдері қойылды. Аталған іс-шараға өңіріміздің 40-қа жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.
Атап айтар болсақ, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына жалпы көлемі 100 тоннаны құрайтын ет өнімдері мен (сиыр еті, қой еті, жылқы еті) сүт өнімдерін (сүт, қымыз, шұбат, қаймақ, сары май, ірімшік, құрт) ұсынылды.
Екі күнге созылған жәрмеңкеде астаналықтар Ұлытау аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.