Астанада Euronews-тің өңірлік өкілдігі ашылады
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстанның Euronews-пен ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды.
«Euronews өңірлік өкілдігінің ашылуы – арнаның халықаралық аудиторияға Қазақстанның экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени дамуын жан-жақты насихаттауына үлкен мүмкіндік береді», — деп атап өтті министр.
Euronews өңірлік өкілдігінің ашылуы қазақстандық журналистерге көп мүмкіндік сыйлайды. Кездесу барысында отандық телеарна қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту тренингтері мен шеберлік сыныптарын өткізу мәселесі талқыланды. Бұл қазақстандық БАҚ өкілдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға септігін тигізеді.
«Біз ортақ жұмыс үшін еуропалық журналистерді Қазақстанға әкеліп қана қоймай, қазақстандық БАҚ арасында жаңа тұлғаларды, талантты жастарды іздейтін боламыз», – деді Педро Варгас Дэвид.