Арнайы сертификат берілуде

Коронавирус індетінің алдын алу мен таралуына жол бермеудің басты жолы – екпе салдыру. Ұлытау ауданында бұл шара сәуір айынан бастап жүргізіліп жатыр. Маңызды науқанға елдің жауапкершілігі мен белсенділігін арттыру мақсатында аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВТЫҢ бастамасымен «Коронавирусты бірге жеңеміз» атты акция ұйымдастыру қолға алынды. Акция егде жастағылар, көпбалалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларына арналған.

– Өздеріңізге мәлім, 2021 жылдың сәуір айынан бастап, Денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен 65 жастан асқандарға вакцина салдыруға рұқсат берілді. Осыған орай, өз еріктерімен екпе алған қариялар, көпбалалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларына «Коронавирусты бірге жеңеміз» акциясы аясында сомасы 5 000 теңгені құрайтынарнайы сертификат тапсыру жөнінде ұйғарым жасалды. Оны иеленгендерге аудан орталығындағы «Жадыра» азық-түлік және шаруашылық тауарлары дүкені қызмет көрсетеді. Қажет болған жағдайда сертификаты бар тұтынушы қалаған азық-түлік түрін алдыру үшін жергілікті әкімдерге жүгіне алады, – дейді аудан әкімінің орынбасары Бағдат Байжантаев.

Акция шығындары де меушілер көмегімен жиналған қордан төленетін болады.

Өткен аптада Қарсақбай кентінің 65 жастан асқан тұрғындары Рая Денюшева мен Ғалия Қазыбаева өз еріктерімен вакцина салдырды. Оларға кент әкімі Аян Әбжамалов «Коронавирусты бірге жеңеміз» сертификатын табыс етті.

Өз тілшімізден.