Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы туралы

Өткен тәулікте Қарағанды облысының аумағында қардың қарқынды еруіне байланысты жолдардың үш учаскесінде еріген судың қысқа мерзімді асуы болды. Көліктердің қозғалысы тоқтаған жоқ. Елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ.

Тасқын су Осакаров ауданында, Молодежный поселкесінен 7 км жерде, Қызылорда — Павлодар тас жолының 1058-ші шақырымында болды; Осакаровка — Молодёжный тас жолының 8-ші шақырымында; Нұра ауданында Нұрсұлтан — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау жолының 148-149-шы шақырымында. Мұнда ескерту белгілері орнатылып, жол қызметі, жергілікті полиция қызметі және ТЖД бөлімшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Автомагистральдарға орнатылған су өткізгіштер тасқын сулардың кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді.

Қарағанды облысында су тасқыны жағдайы тұрақты болып қалады және су тасқынына қарсы облыстық жедел штабтың қатаң бақылауында.

Өткен жылы 74 жол учаскесінде су өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Наурызда Осакаров ауданындағы Сабырқожа, Абай ауданындағы Нұра және Қарқаралы ауданындағы Қарасор көлдерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Ақтоғай және Бұқар жырау облыстарындағы Ақтас және Нұра өзендерінде бұрғылау және мұз кесу жұмыстары аяқталды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша