Апат болған кеніште жұмыстың жалғасуы сараптамадан кейін белгілі болады

Жезқазған қаласында өтіп жатқан Үкіметтік комиссия отырысында вице-премьер Қанат Бозымбаев апат болған «Жомарт» кенішінің жұмысы уақытша тоқтатылғанын жеткізді. 

«Тиісті сараптамалардың нәтижесін 10 күн ішінде Үкіметке ұсыну керек. Соның негізінде кеніштің осы режимде жұмыс істеуге болатындығы немесе болмайтындығы жөнінде шешім қабылданады. Егер болмайтын болса қандай іс-шаралар қабылдаймыз, қандай жабдық қажет соны анықтаймыз. Бастысы қауіпсіздік техникасын күшейту және оның сақталуын қатаң бақылауда ұстауымыз керек», – деді  Қанат Бозымбаев.

Ол қаза тапқан кеншілерді дәстүрге сай жерлеуге қолдау көрсетіп, олардың жақындарына жергілікті әкімшілік және «Қазақмыс» корпорациясы тарапынан көмек беруді міндеттеді.