Ана – ұлы есім

 

Әйел деген – біздің асыл анамыз,

Әйел деген — құтты мешітханамыз.

Әйел деген – осы өмірге әкеліп,

Адам еткен құдірет деп санаңыз.

 

Әйел деген – біздің асыл жарымыз,

Әйел деген – аппақ таза арымыз.

Әйел деген – аналардың анасы,

Әйел – біздің қамқоршымыз, панамыз.

 

Ана деген – теңдесі жоқ асыл жан,

Ана – әлем, алдыңнан кең ашылған.

Ана – Тәңірің сені желеп, жебейді,

Қайда барсаң, қалмай жүріп қасыңнан.

 

Мейірімді жан жамандыққа қимайды,

Аналарға Тәңір шаттық сыйлайды.

Құшақтар ем аналарды мен бүгін,

Әттең, шіркін, құшағыма сыймайды!

 

Сәби үшін көз ілмейтін түнімен,

Әлдилейтін мейірімді үнімен.

Құттықтаймын бүгін барлық ананы,

8 наурыз мерекесі күнімен!

 

Мағзұмбек МАШАЙЫҚҰЛЫ,

Қазақстанның Құрметті журналисі,

Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.