Алаяқтық – арсыздың ісі

Алаяқтық дегеніміз – бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап келе жатқан қылмыстардың түрі.

Ол қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Соған орай, алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді.
Интернет-алаяқтық деп – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз.
Ғаламторды торуылдайтын алаяқтар дәстүрлі алдау қағидаларын ұстанғанымен, олардың ерекше сипаттары да бар. Мәселен, олар интернетті пайдаланатындықтан, халықаралық деңгейде таралуымен ерекшеленеді.
Яғни, бір қалада немесе елде отырып, екінші қаладағы адамдарды алдап-арбай беретін шекара талғамау сипаты бар.
Осы орайда ақпараттық жүйелерді пайдаланып алаяқтық жасайтындарға алданып қалмау үшін нестеу керек деген сұрақ туындайды.
Интернет алаяқтықтың бір түрі интернет-дүкендер арқылы болады.

Мадияр БЕЙСАЛЫ,
белсенді жас.