Академик Төрегелді ШАРМАНОВ: Қазақтың ең ауыр қарғысы – «Өзің білме, білгеннің тілін алма!»

«Бүгінде әлемде коронавирусқа қарсы тиімділігі өте жоғары, қауіпсіз ондаған вакцина жасалып отыр. Оларбұрын-соңды қолданылмаған жаңа технологиялармен шығарылуда.

Мына жалмауыз індеттің таралуын тоқтатып, үйреншікті өмірге оралуымыз үшін халықтың 70-80 пайызында ұжымдық иммунитет қалыптасуы тиіс екен. Ал оның ең оңтайлы әдісі – вакциналау.

Ортамызда вакцинаға сенбейтіндер да бар. Осы орайда, қазағымның ең ауыр қарғысын айтайын: «Өзің білме, білгеннің тілін алма!».

Әрине, ешкімді мәжбүрлемейді, әркімнің еркі – өзінде.

Сондықтан, сақтық шараларын мұқият сақтайық!».