Қадірменді аудан спортшылары, ардагерлер және спортсүйер қауым!

Баршаңызды Спорт күні мерекесімен құттықтаймыз! Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда.

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Спортшылар денсаулықтың кепілі – дене мәдениеті мен спорт екенін паш етуде. Біздің ауданымызда да бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп, спорт кешендерінің жүйесі кеңейе түсуде. Мектептер мен спорт үйірмелерінде дене шынықтырумен шұғылданушылар саны артып келеді. Осынау аса маңызды игі үрдіс үзіліссіз жалғасын таба беруі тиіс. Қазіргі таңда түрлі жас деңгейіндегі аудан спортшыларының республикалық, өңіраралық және облыстық сайыстарда спорттың әр түрінен жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға қол жеткізуі қалыпты құбылысқа айналды.
Орайлы сәтте, спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорт ұйымдастырушылары мен ардагерлерін, жанкүйерлерді Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Спортшыларымызға толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.