ЖАҢА ЖОЛДАУ – ЖАҢА БАҒЫТ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Əділетті мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы Республика халқының шынайы қолдауына ие болған, жұрттың ыстық ықыласына бөленген, ұзақ мерзімдік тарихи құжат. Бұл Жолдауда елімізді қарқынды дамытудың, жаңа Əділетті Қазақстан құрудың нақты жолдары көрсетіліп, оны жүзеге асыруда алда тұрған міндеттерді айқындап берген. Қоғамның басты құндылығы – адамға қамқорлыққа айрықша көңіл бөлінген.
Əсіресе, Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы саласы жайлы айтқандары ауыл халқын елеңдетті деп ойлаймын. «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей əсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін жəне оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркəсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тəсілдерін əзірлеуге тиіс»,- деді Қ.Тоқаев. Шаруалардың өзара ұжымдасуы, игерілмей жатқан жерлердің қайтарылуы жəне субсидия мəселесіне де тоқталып өтті. Тұтастай алғанда еліміздің агроөнеркəсіп кешені келесі жылдан бастап жаңа əрі тұрақты ереже бойынша жұмыс жасауы тиіс деген тапсырма да берілді үкіметке. Жаңа Жолдаудан жаңалық күтетін халық игі істердің атқарылуынан үмітті.
Қарғабай КҰЛШАРИПОВ,
«Ақтұма» ШҚ жетекшісі.