Халық денсаулығы басты назарда
Дана халқымыз «денсаулық зор байлық» дейді. Иə, дені сау адам елдің дамуына өзіндік үлес қосады, өмірде көңілді болады. Мен денсаулық саласында ұзақ жылдар еңбек еттім, кəзір зейнеткермін, талай жандардың сырқатынан айығып, ел қатарлы еңбек етуіне дəрігер ретінде өзімдік үлес қостым ғой деп ойлаймын.
Жуырда жарияланған Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында медицина саласын одан əрі жақсартуды, қазір орын алып отырған олқылықтарды атап көрсеткен. Медицина саласындағы олқылықтарды болдырмаудың, халыққа сапалы қызмет көрсетудің, адамның денсаулығы басты назарда болуы керектігі жолдауда айтылған. «Мен келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырамын, бұл құжат, ең алдымен ауылды қанағаттандыруға арналған. Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемелері жок. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық жəне фельдшерлік, акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі» делінген жолдауда. Осылайша мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды деп атап көрсетілген.
Бір сөзбен айтқанда Мемлекет басшысың бұл жолдауы халыққа деген қамқорлыққа, толы құжат.
Əбдіқадір ОМАРОВ,
медицина саласының ардагері.