АУЫЛ МЕДИЦИНАСЫ ЖАНДАНАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ кезекті Жолдауын Сарысу ауылының жұртшылығы да қызу қолдап отыр. Бізге, əсіресе, медицина саласына, оның ішінде, ауылдардағы медицинаны жетілдіруге деген көзқарас пен берілген тапсырмалар қатты ұнады.
Президент өз Жолдауында мемлекет миллионнан астам азаматтың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз ететінін айрықша атап айтты. «Мен келесі жылдан бастап еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыруды бастау туралы шешім қабылдадым. Екі жыл ішінде бүгінде медициналық мекемелері жоқ 650 ауылда медициналық жəне фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толық жарақтандырылады. Осылайша, мемлекет миллионнан астам азаматтың алғашқы медициналықсанитарлық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді» деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемелер болып қайта құрылады. Сондай-ақ оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация жəне оңалту бөлімшелері де пайда болады.
«Бұл төрт миллионнан астам азамат үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, телемедицина дамытылады, ол шалғай аудандардың тұрғындарына білікті көмек көрсетуге жол ашады» деді ҚасымЖомарт Кемелұлы өз Жолдауында.
Гаухар ҚОЗЫБАЕВА,
Сарысу ауылдық ФАП медбикесі.