Ұстаздар ой бөлісті

Қарсақбай жетекші мектебі және «Серпін» желілік қауымдастығының алғашқы семинар жұмысы жуырда №17 Байқоңыр орта мектебінде өтті. Жетекші мектепке карасты Байқоңыр мектебінің ұжымы бұл алқалы жиынға жан-жақты дайындалды.

Жетекші мектеп жоспарларына сәйкес өткен шара, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды. Семинарда 2020-2021 оқу жылына арналған орта білім берудің мазмұнына жаңалықтар енгізуге байланысты келелі ойлар айтылды. Басты тақырыбы «ЬІнтымақтасқан, бірлескен орта – жаңаша білім беру кепілі» деп аталды. Шара барысында жетекшілер жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде жаңалықтар енгізуде бірлескен жұмыс жасау арқылы тәжірибе алмасты.

Семинар жұмысына Коскөл, Ақтас, Пионер мектептерінен қазақ тілі мен әдебиеті, математика және робот техникасы бойынша сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты. «Қазақ тілі пәндерінің жанартылған білім мазмұны бойынша оқытылу ерекшеліктері» тақырыбында семинар жұмысын Байқоңыр мектебінің мұғалімі Гүлсім Насыритдинова жүргізді. «Математика, физика және информатика пәндерінен алған теориялык білімдерін робот техникасы жүйелерінде қолдану» шеберлік сағатын Алтынхан Аяпбергенова өткізсе,  «Критсриалды бағалау» тақырыбында коучинг жүмысын Баян Рахиметолла мұғалім ұйымдастырып, мұғалімдермен ой бөлісті.

Жетекші мектеп жұмысы тек семинарлармен шектелмейтіндігі, әлі де жоспарға сәйкес түрлі бағыттарда жұмыстар атқарылатындығы, іс-әрекетті зерттеу (LS) жұмыстары өтетіндігі қорытынды рефлексияда айтылып өтілді. Семинарға қатысушы мұғалімдер оның өтуіне жетекші мектеп ретінде ықпал еткен №15 Қарсақбай мектебінің ұжымына және №17 Байқоңыр орта мектебінің мұғалімдеріне ризашылық сезімдерін білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.