ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

​Баршаңызды Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мейрам – жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі.
​Елдің ырыс-ынтымағын арттыратын айрықша мейрам.
Адамдар бұл күні өз арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман-есен жеткеніне дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтау айтады.
​Ендеше, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында аудан тұрғындарына тілеріміз береке-бірлігіміз артып, абыройымыз асқақтай берсін. Әр отбасына амандық,еңбектеріңізге зор табыстар тілейміз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Советбек Медебаев,
Ұлытау ауданының әкімі.
Аманжол Мырзабеков,
аудандық мәслихаттың хатшысы.