Тасқынға әзірлік тиянақты
Биылғы қыс жайлы болды. Десекте, босаңсуға болмайды. Жауған қардың күрт еріп, қауіп тудырмасына кім кепіл? Осы бағытта аудан орталығында «төтеншеліктің» оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Мақсат – көктемгі су тасқынынан келетін зардаптың алдын алып, сақтық шараларын пысықтау. Төтенше жағдай туындай қалса, жедел әрекет ету үшін барлық құрылымдардың бірлескен іс-қимылын үйлестіру.
Республикалық «Көктем-2022» шарасы аясында өткен жиынға аудандық шұғыл әрекет ету жасағының барлық құрамы қатысты. Жаттығу барысында жасақ сап түзеп, техникалардың дайындығы көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбек бастаған топ құралған жасақтарды жеке-жеке аралап, олардың көктемгі су тасқынына дайындықтарын толықтай тексеріп, бірқатар тапсырмалар берді.
Көзбен көргендей биылғы оқу-жаттығу жиынына қатысқан шұғыл әрекет ету жасағының әзірлігі әдеттегідей, техникалары сақадай-сай екен. Бәрі де қыр астында тұрған көктемге деген қамдық қой. «Дайындық, зая кетпесе», – дейді қалың жұрт.
Өз тілшімізден.