Сапалы жұмыс — басты міндет
Аудан әкімдігінде өңір басшысы Советбек МЕДЕБАЕВТЫҢ төрағалығымен өткен жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің орындалуы және бюджет қаражатының игерілуі қаралды. Оған аудандық мәслихат хатшысы Аманжол МЫРЗАБЕКОВ, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, мекеме, бөлім басшылары және кент, ауыл әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша ауданның 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ержан Бимағанбет баяндама жасады.
Бұдан кейін баяндама төңірегінде бірқатар мәселелер жан-жақты талқыланып, игерілмеген қаржылар нақтыланды. Сондай-ақ, кент, ауыл әкімдерінің есеп беруінде қозғалғанмәселелер қаралды.
Жиын барысында Советбек Тұрсынұлы “Серпін” бағдарламасы арқылы аудан көлемінде жүргізілетін жұмыстарды атап өтті. Осыған орай, кент, ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктелді.
Аталған бағдарлама аясында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айна Әбілова толыққанды ақпаратпен бөлісті.