Ұлт перзенті еді
Жұмырбасты пендеге тән айрықша ізгі қасиеттердің бірі – өмірде қимас жандарының болуы. Мен үшін асылтекті азамат, ардақты қария Мұзараф Аханұлы сондай адамдардың бірі ғана емес бірегейі еді.
Ғұмыр жолы үлгі мен өнегеге толы ақсақал ара-тұра жүздескенде тереңнен тарта сыр толғайтын. Нені айтса да, қай тақырыпты қозғаса да, өзімсініп, етене жақын тарта сөйлеуші еді. Батылдығы мен бірбеткейлігі, қайраткерлік қалпы, бұра тартпай ақиқатты ақтара айтатыны ұнайтын. Мұзағаң, сөздің шынайы мағынасында Ұлт перзенті деуге лайықты тұлға болатын. Қадірменді қарияның қазасы – қалың елге ортақ қайғы.
Марқұмның отбасына, туыс-туғандарына, жалпы Ұлытау-Жезқазған аймағы жұртшылығына қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамын.
Мәңгілік мекені пейіштен болғай!..
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.