«Ұлытау» ұлттық паркі құрылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №867 қаулысына сәйкес, «Ұлытау» ұлттық паркі құрылды.

Жағымды жаңалықты өзінің Фейсбук парақшасында Ұлытау ауданының бұрынғы әкімі, қазіргі Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы сүйіншіледі. Депутат хабарлағандай, ұлттық парктің жалпы аумағы 58,9 мың гектарды құрайды.

Оның негізгі мақсаты – ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау.

Өз тілшімізден.