Сайланған әкімдерді таныстырды
Аудан әкімінің орынбасары Мақсұт ОСПАНОВ Жезді кентінің тұрғындарына жаңадан сайланған әкім Мұратбек ЖҰМАБЕКОВТЫ таныстырды. Кент тұрғындарының ымыра-бірлік тері мен белсенді қоғамдық ұстанымдары үшін шынайы алғысын айтты.
Сол күні аудан басшысының тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Жомарт Бегаев дәл осындай мақсатта Қаракеңгір, Егінді ауылдарына атбасын тіреді. Сайлау нәтижесінде қайтадан сайланған ауыл әкімдері Жалғас Төре мен Марғұлан Әлмағанбетовті ауыл тұрғындарына таныстырды. Екі ауыл да сайлау қорытындысында әкім орынтағына қайта отырған әкімдерін қуанышпен қабылдады. Жұмысты ұйымдастыру тәсілдері өздеріне таныс бұрынғы әрі жаңа әкімдермен бірігіп, еңбек етуге мүдделік танытатындарын ашық айтты.
Өз тілшімізден.