ҰЛЫТАУ: Санақты аяқтағандар қатары артып келеді
Ел аумағында жүргізіліп жатқан халық санағы науқанына Ұлт бесігінде ерекше мән берілуде. Соның нәтижесінде санақ жұмыстарын тиянақтаған кент және ауылдық округтер қатары артып келеді.
Алғашқы кезекте Алғабас, Шеңбер және Егінді ауылдық округтерінің тұрғындары 100 процент санақтан өткен еді. Сонымен қатар, Терісаққан, Жанкелді, Аманкелді, Қаракеңгір ауылдық округтерінде де маңызды науқан ұтымды жүргізіліп, аяқталды.
Енді олардың қатарына Қарсақбай кенті де қосылды. Онлайн және интервьюерлер жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша қазақ мысының қарашаңырағы атанған кент аумағында 1 310 адам тұратыны анықталды. Олардың ішінде 796 тұрғын санаққа онлайн қатысты. Ал, сауалнаманы 2 интервьюер жүргізді.
Өз тілшімізден.