Құрметті ұстаздар мен білім беру саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбектеріңізге табыс тілейміз.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беретін мұғалімдердің еңбегі зор.

Ауданымызда жылдан жылға білім ошақтары күрделі жөндеуден өтіп, ондағы материалдық-техникалық база заманауи қондырғылармен қамтамасыз етіліп келеді. Өз кезегінде бұл білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті шыңдауға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал етеді. Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады.

Бүгінде ауданымызда 17 мектеппен 5 бөбекжай жұмыс жасайды. Білім ошақтарында 463 мұғалім білім мен тағылымды тәрбие беруде. Олардың табанды еңбектерімен тынымсыз ізденістерінің арқасында оқушыларымыз облыстық, республикалық сайыстарда үздік нәтиже көрсетіп, ауданның мәртебесін өсіруде.

Сіздерге осы ұстаздық жолда қажыр-қайрат, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақ-береке, амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Ұстазының абыройын асқақтатып, есімін танытатын шәкірттеріңіз әрқашан оза берсін!

Советбек МЕДЕБАЕВ,

Ұлытау ауданының әкімі.

 Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

аудандық мәслихаттың хатшысы.