Ардақты ардагерлер! Қадірлі аға буын өкілдері!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Біз, әрқашан «Үлкенге — құрмет, кішіден — ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – біздің халқымыздың дәстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет.
Бүгінгі еліміздің алтын қоры да біздің ардагерлеріміз. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сіздерге қарап, кейінгі ұрпақ жетіліп, жаңа заманға сай сол істерді жалғастыруда. Сіздер әрдайым арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, ауданымызды дамытуда іргелі істерді бірлесе атқаратынымызға сеніміміз мол.
Бүгінде ауданымызда 68 тыл ардагер қарияларымыз бар. Қазыналы қарттарымызға әрдайым қамқорлық жасау біздің басты парызымыз. Бұл ретте, мемлекет тарапынан жыл сайын қарттарға төленетін зейнетақы мөлшері артып, қарияларымызға әлеуметтік қолдаулар үзбей көрсетіліп келеді.
Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, күш-қуат, отбастарыңызға бақ-береке тілейміз. Жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін!
Советбек МЕДЕБАЕВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы