«Жаяу жүргіншілер!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті
Ұлытау ауданы аумағында жаңа оқу жылы қарсаңында балаларды жол ережесімен таныстыру және жол-көлік апатының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын нығайту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып «Жаяу жүргіншілер!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Аталмыш іс-шара 22-23 қыркүйек аралығында аудан көлемінде атқарылды. Балалардың жол-көлік оқиғаларына ұшырау себептерімен мән-жайларын зерттеу, мектепке бару-қайтужолдарын, балалар жиі баратын орындардағы қауіпсіздікті алға тартқан шараға полиция қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысты. «Бала – біздің болашағымыз. Оларды қауіп-қатермен сыртқы күштерден қорғау – қоғамның басты міндеті. Жол ережелерін сақтауды үйретіп, асығыстыққа, салғырттыққа жол бермеуді осы бастан саналарына құюымыз керек», – деді ұйымдастырушылар. Бұл көлік жүргізушілеріне де қатысы бар іс-шара. Себебі, мектеп, балабақша тұсынан, жаяу жүргіншілер жолағынан өткенде өте абай болғандары жөн. Мұндай акциялар әлі де өткізілетін болады. Сіз бен біздің өміріміз үшін, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
Ұлытау ауданының полиция бөлімі.