Қарағанды облысының Нұра ауданында «65+» акциясы басталды
Әкімдіктің бастамасымен Нұра ауданында «65+»қозғалысы іске қосылды. Оның негізгі мақсаты – осы қиын-қыстау кезеңде қарт ауыл тұрғындарына көмектесу. Өздеріңіз білетіндей, барлық жастағы адамдар коронавирус жұқтыруы мүмкін. Бірақ Сovid-19 әсіресе 65 жастан асқан адамдарға ауыр тиеді. Азаматтардың бұл санаты жоғары тәуекел аймағында.
Егде жастағы ауыл тұрғындары ерекше қажеттіліксіз үйден шықпауы және осы жағдайда ештеңеге мұқтаж болмауы үшін оларға еріктілер көмектесетін болады. Қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерді, азық-түліктерді және басқа да қажетті заттарды сатып алады. Жылыту маусымында қарт адамдар көмірді түсіру және сақтау орнына дейін тасымалдауда еріктілердің көмегін пайдалана алады. Басқа қызметтерді де көрсетуге болады.
Бұл туралы хабардар ету үшін еріктілер қарт ауыл тұрғындарының үйлеріне барды. Олар қарияларға бос қолмен келген жоқ. Әрбір зейнеткерге жеміс-жидек пакеті табысталды. Сондай-ақ арнайы жадынамалар дайындалды, онда көмекке жүгіну үшін байланыс нөмірі мен қызметтер тізбесі көрсетілді.
Ауылдың барлық ата-әжеәлері оларға осылай көңіл бөлгені үшін ризашылықтарын білдірді. Олардың көпшілігі еріктілерге жүгінді.
Бұл бастама Қарағанды облысының басқа аудандарына да бағытталатын болады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.