Ардагерлермен ашық әңгіме

Сәрсенбі күні өңір басшысы Советбек МЕДЕБАЕВ аудан әкімдігінде ардагерлермен кездесіп, ашық пікір алмасты. Кездесуді Ұлытау ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенғали ӘБЖАМАЛОВ ашты.

Жүздесу барысында аудан басшысы Советбек Тұрсынұлы ақсақалдармен кеңесе отырып, электр энергиясы, ауызсу, қоғамдық көлік және қысқа дайындық жұмыстары туралы қозғалған тақырып аясында пікір алмасты. Бұдан кейін аудан басшысы ардагерлер тарапынан қойылған сауалдарды тыңдап, оларға толыққанды жауаптар қайтарды.

Кездесуді қорытындылаған сөзінде аудан әкімі Советбек Медебаев ақсақалдарға ашық әңгімелері үшін шынайы алғысын білдіріп, айтылған сынескертпелерді жұмыс барысында ескерілетінін мәлімдеді.

Жалпы, басқосуда ардагерлерді толғандырып жүрген өзекті жәйттар кең тұрғыда талқыланып, ортақ ұстанымдағы тұжырымдар жасалды. Бір айта кетерлігі, сол күнгі кездесуге келген ардагерлердің көбісі – кешегі күні еліміздің тәуелсіздік үшін қызмет еткен елге жаны ашитын ауыл ақсақалдары.

Өз тілшімізден.