Мұқаш СЕЙТҚАЗИНОВ: Арты болсын қайырлы!
Ұлытауды құрсаулап тұр қалың өрт,
Барша ағайын, айтарым сол,сабыр ет.
Болған іске бол деген ғойболаттай,
«Адам қайтты» деген де бар мәлімет.
Аптап ыстық, оған дауыл қосылып,
Тілсіз жауың – есті алып тұр есіріп.
Ауылдарды қоршап алған жалыннан,
Адамдардың қалғаны рас, шошынып.
Дала жанды, тіске басар түк қалмай,
Төбеден тұр – серт бергендей түк тамбай.
Жағдай боп тұр айтсақ жалпақ тілменен,
«Екі аяқты бір етікке тыққандай».
Жадыраған жазды аңсайсың байырғы,
Жайсыз хабар жамағатқа жайылды.
Табиғатқа қарсы тұрар қауқар жоқ,
Арты болсын қайырлы!