Ұлытау облысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Ұлытау облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Кездесулер облыстың барлық ауданы мен қаласында, сондай-ақ облыс орталығы Жезқазған қаласында ұйымдастырылуда.

Бүгін партиялық тізім бойынша Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Абылай Жәнібеков, Әлдібек Тәуекелов, Диас Алтынбек Жезқазған қаласындағы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның негізгі басымдықтарына тоқталды.

Бағдарламада Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына, жаңа әлеуметтік нысандар салуға, халықты жұмыспен қамтуға, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, балабақша кезегін қысқартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған міндеттер қамтылған.

Сонымен қатар кездесу барысында еңбек ұжымы өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды. Кандидаттар тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді.

Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.