Ұлытау облысында «Есіктен есікке» акциясы жалғасуда

«Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Ұлытау облысында «Есіктен есікке» акциясы жалғасуда.

Акция барысында партия өкілдері мен белсенділері қала және аудан тұрғындарының үйлерін аралап, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстыруда. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өңірді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауда.

Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын сайлауалды бағдарлама аясында зерделеу.

Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.