Кандидат мұнайшылармен кездесті
«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ақжол Құрмансейіт «KazTransOil» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасының еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту, денсаулық сақтау нысандарын дамыту, жұмыспен қамту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар мұнайшылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, кандидатпен пікір алмасты.
Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
