Қазақстанда енді сабақтан жиі қалатын оқушыларды полициямен бірге тексереді
21 қарашадан бастап балаларды есепке алу және мектептегі буллингке қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Бұл туралы балалар құқығын қорғау басқармасы мәлімдеді.

Енді Қазақстанда 18 жасқа дейінгі барлық бала туралы мәлімет бір базаға жиналады. Оған мектепке бармайтын және сабақтан жиі қалатын балалар да кіреді.
Себепсіз сабақтан қалу туралы ақпаратты полициямен ай сайын тексеріп, әр айдың 10-ына дейін білім беру базасына енгізеді.
Ал мектептегі буллинг туралы шағым бір жұмыс күні ішінде тіркелуі керек.
Мектептер зардап шеккен оқушыларға психологиялық көмек көрсетуге міндетті.
