Кандидат мектеп ұжымымен кездесті
«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Абай Нұрланов бүгін Қаражал қаласындағы №1 тірек мектебінің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылға арналған негізгі басымдықтарға тоқталды. Сондай-ақ Қаражал қаласы, Жәйрем кенті және жалпы Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары туралы ақпарат берді.

Жиын барысында білім саласын дамыту, өңірдегі өзекті мәселелерді шешу және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жоспарлар сөз болды.
Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
