Қарағанды облысына 530 млрд теңге инвестиция тартылды
10 айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысына 530 млрд теңге инвестиция тартылды, оның 83%-ы — жеке меншік. Өңірде 12,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 45 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде жыл соңына дейін 11 жаңа өндіріс іске қосылады. 2,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады.
Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек ОКҚ платформасында өткен брифинг барысында айтып берді.
— Бүгінде өңір экономикасы дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамиканы көрсетуде. Облыстың ЖӨӨ-дегі өнеркәсіп үлесі 50%-дан асады. 10 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,4 трлн теңгені құрап, 2,4%-ға өсті, оның ішінде өңдеу секторында — 4,6%-ға өсті, — деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.
«АрселорМиттал Теміртау» және «Қазақмыс» жүйе құрушы кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеуде. Бұл ретте әлемдік нарықтарда мыс пен болат құнының өсуі байқалады. Жыл қорытындысы бойынша оң динамиканы 103%-ға дейін қамтамасыз ету жоспарлануда.
Машина жасауда жаңа өсу нүктелері пайда болды. Саран қаласында бұрынғы РТБ зауытының базасында Yutong қытайлық компаниясының әлемдік көшбасшысының қатысуымен автобустар мен арнайы техника өндіру жөніндегі жобаны іске асыру жалғасуда.
Автобустар өндірісінің бірінші кезеңі біртіндеп 2021 жылы ұсақ торапқа ауыса отырып, ірі торапты жинау әдісімен жүзеге асырылатын болады. Бірінші автобус осы жылдың соңында конвейерден шығады.
Сондай-ақ, ААИ базасында қуаты жылына 3,5 млн шина жасайтын «Татнефть» трансұлттық компаниясымен бірлесіп автомобиль шиналарын өндіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін алаңды белсенді дайындау жүріп жатыр.
Зауыт құрылысы 2021 жылдың наурыз айында басталады. Бұл жобаларды іске қосу облыс экономикасын әртараптандыруға оң әсерін тигізеді және машина жасау үлесін 2 есеге арттырады.
Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.