ДДҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмысын жоғары бағалады.

«Осыдан 50 жылға жуық уақыт бұрын Қазақстан Алматы декларациясы арқылы «Баршаға арналған денсаулық» жаһандық тұжырымдамасын қалыптастыруға үлес қосты. 2028 жылы осы құжаттың қабылданғанына 50 жыл толуына орай, Қазақстан аталған идеяны нақты іске асырудың маңызды үлгісін көрсетуді жалғастырып келеді. Денсаулық сақтау саласындағы саяси қолдаудың маңызы зор. Үлгі көрсетіп отырғаны үшін Қазақстанға алғыс айтамын!», – деді Гебрейесус.
