Мұғалімдердің есебі азаяды: Бектенов жаңа тапсырма берді

Премьер-Министр Олжас Бектенов педагогтердің есеп беру жүктемесін азайту және мұғалімдердің ар-намысын қорғауға бағытталған жаңа шаралар әзірлеуді тапсырды.

«Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру, мұғалімдерге тән емес жүктемені азайту және олардың беделін қорғау мақсатында Оқу-ағарту министрлігіне әкімдермен бірлесіп, есептердің барлық түріне тексеру жүргізуді тапсырамын. Әртүрлі платформалардағы қайталанатын есептерді алып тастап, олардың санын қысқарту қажет», деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ Олжас Бектенов 10 желтоқсанға дейін мұғалімдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.