Бриллиант тәж – Ұлытау облысында!
Ұлытау облысы – «Мөлдір өлең» ұлттық поэзия жобасының тұңғыш жеңімпазы!

Қазақстан Жазушылар одағы мен ақын Мөлдір Айтбайдың бастамасымен қолға алынған «Мөлдір өлең» жобасы биыл алғаш рет ұйымдастырылды.
Төрт айға созылған ұлттық поэзия додасына еліміздің 20 өңірінен 60 ақын қатысты. Мамыр айында басталған байқау бірнеше кезең бойынша өтіп, ақындар өзара сынға түсті.
Ұлытау облысының ақындары алғашқы айналымда Алматы облысынан, екінші кезеңде Қостанай облысынан, үшінші кезеңде Жетісу облысынан басым түсті.
Ал ақтық сында Ұлытау ақындары Қызылорда облысы мен Астана қаласының ақындарымен бақ сынады.
Нәтижесінде:
🥇 І орын – Ұлытау облысы
🥈 ІІ орын – Астана қаласы
🥉 ІІІ орын – Қызылорда облысы
Осылайша, Ұлытау өңірінің ақындары «Мөлдір өлең» жобасының алғашқы жеңімпазы атанып, тұңғыш «бриллиант тәжді» және 3 000 000 теңге қаржылай сыйақыны иеленді.
Бұл – Ұлытаудың ғана емес, ұлт поэзиясының мерейі!
