Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен жергілікті басылымдар мен телеарналардың редакторларымен және журналистермен кездесті
Кездесу еркін форматта, ашық диалог және пікір алмасу түрінде өтті. Тараптар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды ақпараттық сүйемелдеу бағыттарын талқылады.

Сонымен қатар жергілікті басылымдарға жазылу, ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, жаңалықтарды жедел әрі сапалы жеткізу, сондай-ақ БАҚ пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелері қозғалды.

Журналистер өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салып, өңірдегі ақпараттық саясатты жетілдіруге қатысты пікірлерін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен тұрақты әрі ашық диалогты жалғастыру, халыққа маңызды ақпаратты уақтылы жеткізу және өзара ынтымақтастықты күшейту бағыттары айқындалды.
