Президент: Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясын ашты.

«Депутаттар халықтың аманатына адал болып, мемлекет мүддесіне қызмет етуі керек. Бұл – анық ақиқат. Мұны ешқашан естен шығармау қажет. Қазіргі таңда еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Қазақстан жаңа өрлеу кезеңіне қадам басты. Биыл еліміздің болашағы үшін мән-маңызы зор көптеген тарихи оқиғалар болды», — деді Президент.