Мемлекет басшысы: Құрылтай технологиялық прогрестің жетекші факторы болады деп үміттенемін
Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында Құрылтайдың алдында барлық бюрократиялық рәсім түріндегі кедергілерді жою, заң шығару ісінің жеделдігі мен сапасын арттыру, білікті сарапшылардың және консультанттардың қызметін тиімді ұйымдастыру міндеті тұрғанын айтты.

«Құрылтай технологиялық прогрестің жетекші факторы болады деп үміттенемін. Жаңадан сайланған депутаттар заң шығару ісінде болжамды сараптамаға, Үлкен дерекқорды басқару арқылы кез келген шешімнің экономикалық салдары мен әлеуметтік тәуекелдерін модельдеуге баса мән беруі керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев
