Достық әзіл

Газет жанашыры Бекзат Үмбетовке:

Қарттар мен жұртын ауылдың,
Жаздырған газет-журналға.
Сыйлысы болған қауымның,
Бекзаттай жомарт жан бар ма?!

Жағдайын ойлап «ауырдың»,
Қазақ тілді БАҚтардың.
Өтінде қаржы-дауылдың,
Қалтаңды талай ақтардың.

Бөліскен жан ең ауырын,
Арқалаған жүгімнің.
Болса екен сендей бауырым,
Атымтайы бүгіннің.

Әріптеспен әзілдескен Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.