Суға шомылу маусымы: қауіп пен қатер
Суға шомылу кезінде мына жайттарды ескерген абзал. Ең бастысы, суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз. Одан кейін ескеретін бір жайт, суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз, тыйым салынған жерлерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті.

Әрдайым ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керек. Егер, ішімдік ішкен жағдайда суға мүлдем түсуге болмайды.
Суға түсуге тыйым салынатын жағдайларды да білгеніңіз жөн. Мысалы, жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге болмайды, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болуы мүмкін.
Тағы бір ескеретін жайт, қатты толқын кезінде суға түспеу керек. Үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жібермеген дұрыс. Салқын суда ұзақ болмау керек. Өйткені, суда ұзақ болу денені салқындатады.
Үнемі суда қауіпсіздік ережелерді ұқыпты сақтау қажет. Суға тек арнайы белгіленген жерлерге ғана түскен жөн. Суға түсу кезінде кемелерге, басқа да жүзу құралдарына жақындамаған дұрыс.
Камерамен, тақтайлармен, басқа да жүзуге болмайтын құралдармен суға шомылуға болмайды, ескерту белгілері берілген кезде судан дер кезінде шығу керек. Таныс емес жерлерге, жағалауларға бармағаныңыз жөн. Суға түсер кезде, су температурасы 18 градустан төмен болған жағдайда суға түсуге болмайды.
Тағы бір ескертетініміз, суға сынған банкілерді, әйнектерді лақтырмаңыздар. Олар суға түсушілерге қауіпті болмақ. Суға түскенде қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбаңыз.
Суға тек қасында үлкен адамдар болғанда ғана шомылуды балалар әдетке айналдырғаны дұрыс. Егерде, төтенше жағдайлар бола қалған кезде дереу «101» немесе «112» телефондарына хабарласыңыздар.
Ұлытау ауданының ТЖ бөлімі.
