«Заман біздікі» республикалық проза байқауы басталды

Байқауды өткізу мерзімі: Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 15 маусымынан бастап 15 тамызға дейін.
Байқау қорытындысы қыркүйек айында өтеді. Ұйымдастырушы: Сәтбаев қаласының әкімдігі.

Байқауға қойылатын талаптар:
1.Байқауға республика көлеміндегі облыс, қала, аудан, ауылдардан 20-50 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады және қазақ тіліндегі шығармалар қабылданады;
2. Қабылданатын шығарма жанры бойынша: әңгіме, новелла (көлемі 10-15 бет). Толық аяқталған немесе еш жерде жарияланбаған повесть (60-90 бет), роман (200-300 бет);
3.Б.Бұлқышев пен М.Иманжанов шығармаларымен үндес стильде жазылуы шарт;
4. Шығарма кейіпкері өмірдегі қиындықты еңсерген қайсар, батыл шешім қабылдай білетін, кейінгі буынға үлгі бола алатын адам болғаны жөн;
5.Кітапқа басылған, сайтқа шыққан, газет-журналға басылған, бұрын жазылған, басқа байқауға ұсынылған шығарма қабылданбайды.
6. Шығарма авторы аты-жөнін көрсетпейді, бүркеншік есімі жазылады;
7. Шығарма авторы өзі туралы толық мәліметті қосымша құжат ретінде жолдайды.
8. Шығарма baubek-mukan_2026@mail.ru поштасына жіберілуі тиіс.

Жеңімпаздарды анықтау тәртібі:
«Заман біздікі» республикалық проза байқауына түскен шығармаларды сыншылар, ғалымдар, жазушылардан құралған қазылар алқасы қарайды.

Марапаттау:
Қазылар алқасының ұйғарымымен жүлде алған шығармалар жинақ болып басылады. Авторлар салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылады.

Бас бәйге – 1 000 000
І орын – 700.000
ІІ орын (екеу) – 500.000
ІІІ орын (үшеу) – 300.000

Камал Смайылов атындағы арнайы жүлде – 150.000
Аппаз Қаражігітов атындағы арнайы жүлде – 150.000
Сайлаухан Нәкенов атындағы арнайы жүлде – 150.000
Ақселеу Сейдімбеков атындағы арнайы жүлде – 150.000
Асан Жұмаділдин атындағы арнайы жүлде – 150.000

Байқауға қатысты қосымша сұрақтар бойынша 8 777 073 38 94 (Абай ОРАЗ) нөміріне хабарласуға болады.

Заман біздікі! Замандас, қалам жорғаласын!