Қоскөл ауылында жаңа спорттық воркаут алаңы пайдалануға берілді
Ұлытау ауданының Қоскөл ауылында жаңа воркаут алаңы ашылды.

Жаңа нысан алаңында тұрғындардың дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуына барлық қажетті жағдай жасалған.

Айта кету керек, жаңа нысан былтыр пайдалануға берілген жабық футбол алаңының жанынан бой көтерді. Бұл — ауылдағы спорт инфрақұрылымын кешенді түрде дамытуға бағытталған маңызды бастама. Алдағы уақытта аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасып, аталған орын ауыл тұрғындары мен жастар жиналатын заманауи спорттық-мәдени демалыс орнына айналдыру жоспарлануда.